ҚАЗАЛЫДА БАСЫҚАРА БАБАНЫҢ 260 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТЕДІ

111

0

25 қазан күні Қазалы ауданында бабаларды ұлықтау шаралары жалғаспақ. Басықара батырдың 260 жылдық мерейтойы баба есімін иеленген ауылда өтеді.
Ауыл маңында ат бәйгесі, «Жүйріктің аты шықпас озбай көпте» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Уақыт.Тарих.Тағзым» атты облыстық шежірешілер байқауы ұйымдастырылады. Мерейтой қарсаңында салынған балалар ойын және спорт алаңымен танысу шарасы, Басықара баба ескерткіш-белгісінің ашылуы өтеді.
Сонымен қатар жаңа орталық алаңда өтетін салтанатты іс-шарада театрландырылған қойылым, облыс әкімінің құттықтауы, Басықара баба кітабының тұсаукесер рәсімі, концерттік бағдарлама, спорттық шаралар болады.
Жалпы мерейтой қарсаңында баба атындағы ауылда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 136,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауылдың Бас қақпасы жаңаланды. Ауылға кіреберістегі 618 метр жерге жарықшамдар қойылды. Ауылдың орталығынан «Басықара баба» атындағы аллея ашылып, ұрпақтарының демеушілігімен бабамыздың ескерткіш-белгісі қойылды. Ауыл орталығынан Орталық алаң, жастар алаңы, балалардың ойын алаңы жасалды. Сонымен қатар, ауылдық клубтың айналасы қоршалып, ауыл орталығындағы екі көше (Қадірбай Есенов, Үрмәш Түктібаев) асфальттанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз