Қазалыда биыл 20 арендалық үй салынады

47

0

Қазалыда биыл 20 арендалық үй салынадыҚазалы. Биыл Қазалы ауданында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 20 арендалық тұрғын үй салу жоспарланды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы бөлінген аудандық бюджеттен 5134,0 мың теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттарын дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Жоба бойынша бір арендалық тұрғын үйдің құны 11297,5 мың теңге. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 8 арендалық тұрғын үй салу үшін республикалық, облыстық бюджеттерден 73000,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Дегенмен, осы тұрғын үйлерді салып біруге 90380,0 мың теңге қажет. Ал, қалған қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді деп күтілуде
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз