Қазалыда білім беру ұйымдары электронды оқыту жүйесіне көшеді

56

0

Қазалыда білім беру ұйымдары электронды оқыту жүйесіне көшеді Бұл туралы бүгін білім беру сапасын арттыру және негізгі көрсеткіштерді
күшейту жөнінде мәжілісте белгілі болды. Қазіргі таңда бұл жүйе бойынша
бірқатар мектептер эксперимент ретінде жұмыс жасап жатыр. Ал осы оқу
жылы №16, 170, №216, №226, №190 мектептер аталмыш жүйеге көшеді деп
күтілуде. Электронды оқыту жүйесі енген білім беру ұйымдары қажетті
жабдықтармен: моноблоктар, интернет желісі, компьютерлік техника,
интерактивтік жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан өзге жиын барысында білім сапасын арттыру, ұлттық бірыңғай
тестілеуге оқушылардың 100 пайыз қатысуын қамтамасыз ету, тәрбие
жұмыстары, жас мамандарды жұмысқа тарту, кадрлардың біліктіліктерін
арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бiлiм берудi дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы мен «Балапан»
бағдарламасының орындалу барысы да баяндалды.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов аталған мәселелерге қатысты мектеп
басшылары мен ұстаздар қауымына бірқатар тапсырмалар беріп, «білекке
емес, білімге сенетін заманда» оқушылардың сапалы білім алуына
жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз