Қазалыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

49

0

Қазалыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өттіҚазалы  аудандық оқушылар үйі ғимаратында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыссыздар мен бірге жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңке барысында оған қатысушыларға 21 мекемелер мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 245 бос жұмыс орындары ұсынылды. Қорытындысында 2 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмысқа 3 жұмыссыз әлеуметтік жұмысқа, 2 жұмыссыз жастар тәжірибесіне жіберілді. 
Жұмыс беруші өкілдері және  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының, Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығының, «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз