Қазалыда «Даңқ» аллеясы ашылды

56

0

Қазалыда «Даңқ» аллеясы ашылдыҚазалы ауданында Ұлы Жеңістің 71
жылдығына орай  «Даңқ» алаңы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарын  мерекемен құттықтады.

Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін жан кешкен киелі Қазалы ауданынан
шыққан Кеңес Одағының батырларына және Социалистік Еңбек Ері мен
мемлекет және қоғам қайраткерінің құрметіне ескерткіш бюст орнатылып
отыр. Сұрапыл соғыста ел болашағы үшін қан кешіп, өз өмірлерін құрбан
еткен қаһармандарды құрметтеу біздің қасиетті, абыройлы борышымыз, –
деді аймақ басшысы. 
«Даңқ»
алаңы «Жеңіс» саябағында орналасқан. Саябақ ішінде Отан үшін от кешкен
батырларға арналған «Тағзым алаңы», Ауған соғысында қаза тапқандарға
арналған ескерткіш алаңы, мәдениет, өнер, білім, спорт, денсаулық
саласының үздіктері алаңы, құрмет атағының иегерлері алаңы,
ауылшаруашылық, кәсіпкерлік саласының озаттары алаңы, теміржолшылар
алаңы орналасқан.
Өткен жылы «Тағзым» алаңы күрделі жөндеуден өтіп, 9 мыңға жуық жауынгерлердің есімі жазылған мрамор тақтайшалар қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз