Қазалыда еңбек форумы өтті

36

0

Қазалыда еңбек форумы өтті«Кәсіптік білім және бизнес. Әріптестер сұхбаты» атты 6-облыстық еңбек
форумында Қызылорда қаласы және облыстың барлық аудандарындағы кәсіптік
білім беретін колледж ұжымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ,
форум барысында кәсіптік білім беру орындары тәжірибе алмасуға зор
мүмкіндік алды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі
хабаралды.

Еңбек форумының пленарлық мәжілісіне облыс әкімінің
орынбасары Рауан Кенжеханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы
Бақытжан Сайлыбаев және аудан әкімі Нәжмәдин Шамұратов қатысты.

«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім
жүйесінің бизнеспен серіктестікті дамыту үшін жақсы жақтары жеткілікті.
Осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет деп санаймын. Бұл орайда бүгінгі
Форум ынтымақтастығымызды ілгерілету үшін жаңа идеялардың туындауына
арқау болмақ», – деген аудан басшысы Нажмадин Шамұратов форумға
қатысушыларға сәттіліктіледі.

Форум барысында кәсіптік білім беруге қатысты
бірқатар мәселелер кеңінен талқыланып, оқу орны және серіктестіктер
арасында байланыс орнату мақсатында бірнеше келісімшарттарға қол
қойылды. Және де оқу орындары мен оқу-әдістемелік кабинеттерінің,
көрменің үздіктері анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Білім және
ғылым министрлігінің арнайы төсбелгісімен Қазалы көлік-техникалық
колледжінде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер О.Бекбанов марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз