Қазалыда егін егу жұмыстары басталды

44

0

Қазалыда егін егу жұмыстары басталдыБиылғы жылы Қазалы ауданында 17620 гектар жерге дәнді, мал азықтық, майлы дақылдар, картоп, көкөніс, бақша егу межеленген. 

Оның
ішінде басты дақыл күріш 7510 гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда біршама артық. Нақты кезеңде жаңа жоңышқа мен 450 га
жаздық бидай егілді. Ескі жоңышқа тырмаланып, түгел суғарылды,-деп
хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

 Науқанға қатысатын трактор, тұқым сепкіш, соқа, автомашина, трактор
тіркемесі толық жөндеуден өткізілген. Оған қоса 14  ауыл шаруашылығы
техникасын сатып алуға тапсырыс берілді. Шаруашылық каналдарының су
жолдары тазартылып, су сору қондырғылары түгел жөндеуден өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз