Қазалыда электр желілері жаңартылады

44

0

 Қазалыда электр желілері жаңартыладыҚазалы. Аудандағы электр желілерінің 70 пайызға жуығы тозығы жеткен. Ауданда оларды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, өткен жылы барлық электр желілері мен трансформатор қондырғыларына түгендеу жұмыстары жүргізілген болатын. 
Алайда, желілерді жаңарту көп қаражатты қажет етендіктен оларды 3 кезең бойынша жаңалау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгінгі өткен аудандық мәслихаттың сессиясында аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов мәлімдеді. 
Сондай-ақ, өткен жылы аудан бойынша электр желілерін ағымдағы жөндеуге 3,2 млн теңге, күрделі жөндеу жұмыстарына 11,5 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстары жасалған.  Биыл 25,5 шақырым кернеулігі 10 кв, 15,2 шақырым кернеулігі 0,4 – электр желісі және 11 дана трансформатор қондырғыларын күрделі жөндеуге бюджеттен 10 583, 8 мың теңге бөлінді.
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз