Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алды

46

0

Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алдыҚазалы ауданында Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске  алуға  арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен 9-шы дәстүрлі республикалық турнир басталды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Екі күнге созылатын турнирге Қазақстанның 9 облысынан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларынан және Қазалы ауданынан 1999-2000 жылғы туылған жасөспірімдер қатысуда. Өткен  жылы  турнирге 200-ден астам палуандар  қатысса, биыл палуандар саны 300-ге  жетті. Турнирдің бас төрешісі – Қырғызстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Мейрамбек Ахметов.

Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов барлық жас спортшыларға сәттілік тілей отырып, Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске  алуға  арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен 9-шы республикалық турнирді ашық деп жариялады.

Кеңес Одағының 7 дүркін чемпионы, Азия, Еуропа, Әлем чемпионы. Әлем кубогының жеңімпазы, Олимпиаданың 2 дүркін жүлдегері КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық күрес түрлері федерациясы бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов, Азия федерациясының кеңес мүшесі Гүлнар Тұрлыханова, осы турнирдің бас демеушісі «КазГерМұнай» ЖШС БК бас директорының орынбасары Айтбай Көшербайұлы, Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының президенті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев спортшыларға сәттілік тіледі.

Одан әрі Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары Медеу Арынбаев пен Толқын Забирова барлық спортшыларға сәттілік тілей отырып, ән шашудан тарту етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз