Қазалыда Ержігіт Бозғұловқа арналған бюст ашылды

49

0

Қазалыда Ержігіт Бозғұловқа арналған бюст ашылдыҚазалы ауданында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының бюсті ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, – деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
Е.Бозғұлов Қызылқұм, Қарақұм мал жайылымдарын суландыруға, Сыр жағалауындағы күріштік алқаптарын тегістеуге атсалысқан азамат.  Еңбегі еленіп, есімі Одақтық Су шаруашылығы және мелиорация министрлігінің «Құрмет кітабына» жазылған. 
Қоладан құйылған ескерткіш аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына орнатылды. Бұл үшін облыстық бюджеттен 10,2 млн теңге,  аудандық бюджеттен 1,6 млн теңге бөлінген.
Айта кетейік, «Жеңіс» саябағына бұған дейін 5 Кеңес Одағының батыры, 5 Социалистік Еңбек Ері, 2 Мемлекет және қоғам қайраткері, барлығы 12 тұлғаның ескерткіш-бюсті орнатылған болатын. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз