Қазалыда ескі көпір жаңаланады

55

0

Қазалыда ескі көпір жаңаланадыҚазалы ауданының «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 73 шақырымында орналасқан темір конструкциялардан құрастырылған көпірдің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғыртудан өткізілетін болды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов ауданға арнайы келіп жалпы 412 отбасы (2352 тұрғын) тұратын Қызылқұм ауылдық округімен байланыстыратын аталмыш көпірдің жай-күйімен танысты.
Көпірдің бұл тұрғындардың аудан орталығымен байланысуында аса жоғары маңызға ие екендігінен хабардар болған облыс әкімі Қ. Көшербаев облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 73 шақырымындағы көпірді қайта жаңғырту құрылысына 45 млн. теңге  бөлінді. Қазіргі таңда келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айының 2-ші онкүндігінде басталады.
Айта кету керек, бұл көпір Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылының батыс беткейіндегі темірден жасалған көпір құлаған болатын. Көпірдің ұзындығы – 12, ені – 5 метр. Көпір ауыл орталығынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Көпірдің екінші басына қойылған темірбетон блогтың (СП-50 см) астын су шаюынан, темірбетон блогы құлап, көпір жолдың деңгейінен 1 метрге төменге түсіп кеткен.  Қазіргі уақытта ылдиланған жерге топырақ тастап, жеңіл автокөліктер жүргізілуде. Ауыр автокөліктердің жүруіне қауіпті. Аталған көпір Кәукей, Тасарық, Лақалы, Отгон елді мекендерін аудан орталығымен  байланыстыратын бірден-бір көпір.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз