Қазалыда ескерткіштерді жаңғыртуға мән берілді

30

0

Қазалыда ескерткіштерді жаңғыртуға мән берілдіҚазалы. Биыл республикалық санаттағы ескерткіштерді қайта жаңғырту үшін 30 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Осы қаржыға Қазалы қаласында орналасқан Ғанибай үйі мен Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы қайта жаңғыртылатын болды.
Қазалы ауданы аумағында 5 республикалық дәрежедегі, 60 жергілікті санаттағы тарихи-мәдени ескерткіш бар. Өткен жылы бюджеттен арнайы бөлінген қаржыға олардың барлығына қорғау тақталары орнатылып, төл құжаттары жасалған болатын. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз