
Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен есірткі байланысты қылмыстардың саны 4-тен 5-ке өскен. Осыған байланысты, штаб төрағасы Ғ.Бәймішев ішкі істер бөліміне есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстарға аса назар аударып, жұмыстар барысын нығайтып, тиімді шаралар қолдану қажеттігін ескертіп, есірткіге тәуелді азаматтардың жүріс-тұрысына қатаң бақылау орнатып, оларды қалыпты өмір сүруге бағыттайтын шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.Сонымен бірге, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру барысында жариялылықта қамтамасыз ету, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында, аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шара ұйымдастыру мәселелері талқыланды.