Қазалыда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

53

0

Қазалыда грек-рим күресінен республикалық турнир өттіҚазалы ауданында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Х дәстүрлі республикалық турнир өтті.
    Екі күнге созылған турнирге Ресейден, Қырғыстаннан, Өзбекстаннан
және Қазақстанның 8 облысы /Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО,
Маңғыстау, Атырау, Алматы/ мен Қазалы және Арал аудандарының палуандары
қатысты. Өткен  жылы  турнирге 200-ден астам палуандар  қатысса, биыл
палуандар 300-ге  жетті. Турнирдің бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі
төреші Виктор Юн.
    Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов, турнирдің бас демеушісі
«КазГерМұнай» ЖШС БК бас директорының орынбасары Айтпай Көшербайұлы,
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Садық Мұстафаев спортшыларға сәттілік тіледі.
    Турнирдің бірінші күнгі нәтижесінде 1998-2000 жылғы туылған
жасөспірімдер арасындағы 50 кг. салмақта Арал ауданынан Мырзағазиев
Нұрсейіт, 58 кг. салмақта І орынды Әйтеке би кентінен Сағымбаев Рахат,
69 кг. салмақта ІІ орынды Әйтеке би кентінен Рамбердиев Сабыржан, ІІІ
орынды Қызылордалық Мұсахан Айдос, 85 кг. салмақта ІІІ орынды Әйтеке би
кентінен Сердалы Сәкен жеңіп шықты.
    Турнирдің екінші күнгі нәтижесінде 63 кг. салмақта І орынды
Қызылордалық Батаев Расул, 76 кг. салмақта І орынды Қызылордалық Әліппен
Олжас, 100 кг. салмақта І орынды Әйтеке би кентінен Қуантай Нұрлан, ІІІ
орынды Қызылордалық Кенжебек Азамат жеңіп шықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз