Қазалыда көктемгі тазалық айлығы басталды

82

0

Қазалыда көктемгі тазалық айлығы басталдыҚазалыда көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында екі айлық жарияланды. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қаулысы бойынша аудан ішіндегі санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстары басталды. 11 наурызда басталған жұмыстар 10 мамырға дейін жалғасады.
Екі айлық барысында аумақтарды тазалау жұмыстары, тал отырғызу, гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жолдар мен аялдамалар, кіші сәулет формалары, ғимараттар маңдары қалыпқа келтіріледі. 
Айта кетейік, алғашқы сенбілік жұмыстарына 600-ге жуық адам қатысып, қажетті  техникалар жұмылдырылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз