Қазалыда кәсіпкерлер көбейіп келеді

64

0

Қазалыда кәсіпкерлер көбейіп келедіКеше Қазалы аудандық кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған
міндеттер туралы алқа мәжілісін өткізді. Алқа мәжілісіне Облыстық кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов қатысты.
Сондай-ақ, жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап, облыстық және
аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палатасы, салалық басқармалар мен
дербес бөлім басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бөлім басшысы Әліби Әбиев аудан
экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
саны 3 671-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артқандығын
жеткізді. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 8 292-ге жеткен. Ал шағын және
орта кәсіпкерлерден аудан бюджетіне 920,8 млн теңге салық түскен.
Аудандағы кәсіпкерліктің дамуына
мемлекеттік бағдарламалар тікелей ықпалын тигізуде. Мәселен, «Бизнестің жол
картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 5 жоба несиелік субсидиялау
бағытында көмектер алған.
Кәсіпкерліктің аясын кеңейту
мақсатында «Сауда логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы әзірленуде. Жоба
іске асқан уақытында 100-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылмақ.
Негізінен, өңірде ауылдық
жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, өнім өңдеуге, өндіруге басымдық берілуде.
Мәжіліс барысында облыстық
кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасының басшысы Тельман Райғаниұлы
аудан аумағында туристік нысандардың ашылуына басым бағыт беріп, қолдау жасау
керектігін айтты. Сондай-ақ, базар бағасын тұрақтандырып, бағалардың ретсіз
жоғарыламауын қадағалауды тапсырды.
Бөлім басшысы ауданда «эко
туризмді» және тарихи Жанкент қалашығын өлкетану туризмі ретінде дамыту қолға
алынып отырғандығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз