Қазалыда Кәсіпкерлер палатасымен сүйемелденген 27 жоба қаржыландырылды

41

0

Қазалыда Кәсіпкерлер палатасымен сүйемелденген 27 жоба қаржыландырылды  Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов хабарлады.
Филиал директорының айтуынша биылғы жылы Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен жалпы құны 315,3 млн.теңгенің 27 жобасы қаржыландырылған.
Айта кету керек, аталмыш жобалардың барлығында да Палатаның Қазалы ауданындағы филиал қызметкерлері бизнес жоспарларын жасап, тиісті құжаттарын әзірлеп шыққан, сондай-ақ қаржы институттарында қаржыландырылуына дейін сүйемелдеген. Нәтижесінде ауданда 65 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өз бизнесін әртараптандырып, кәсіптің жаңа түрін ашқан кәсіпкерлердің бірі Гүлзия Омарова. Бұған дейін, яғни 1999 жылы Қазалыда сұлулық салонын ашып, кәсібін жолға қойған ол биыл нәзік жандыларға тән емес кәсіп түрін ашуды қолға алды. Темірден түйін түюді жөн көрген Гүлзия әуелі Қазалыдағы кәсіпкерлікті қолдау орталығынан құжаттарына көмек көрсетуді сұрады. Палата қызметкерлерінің жан-жақты көмегінің нәтижесінде Гүлзияның жалпы құны 10 млн.теңге тұратын жобасы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылды.
«Қазір біздің ауданда сәнді темір бұйымдарына тапсырыс берушілер қатары артуда. Бастапқыда «жобам қолдау таба ма? Қаржыландыру жағы қалай болады?», – деп қобалжығанмын. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары күмәнімді сейілтті. Шүкір, қазір тапсырыс берушілер де жеткілікті. 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын», – дейді Гүлзия Омарова.
Жалпы Қазалы ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері биыл 1503 кәсіпкерге 5337 қызмет көрсеткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз