
Бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3481 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8120 ға жетіп отыр. Ал, тіркелген бизнес субъектілерінің ішінде жас кәсіпкерлердің үлесі 12,2 пайызды (423 адам) құрайды.