Қазалыда кәсіпкерлікті дамытуға мән берілуде

56

0

Қазалы ауданында кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына белсенділікпен қатысуда. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жұмыс орындарын құруға бағытталған бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді. 
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазалы ауданында аталған бағдарламаның «жаңа бастамаларды қолдау және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыттары» аясында  жалпы құны 341,2 млн. теңгені құрайтын барлығы  9 жоба бойынша пайыздық мөлшерлемені субцидиялау, кепілдіктер беру арқылы қаржы-несиелік қолдауларды пайдаланып 48 адамды  жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. 
Ал, «Даму Start Up» жобасы бойынша бір жас кәсіпкер 3,0 млн. теңге несие қаражатын алса, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында 77 адам тренинг-курстарға қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз