Қазалыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай бәйге өтті

92

0

Қазалыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай бәйге өтті Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Әбдраман төбе» учаскесінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай бәйге өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аламан бәйгеге барлығы 8 ат қатысты. Оның ішінде І орынды Қазалы ауданының тұрғыны Естенқұлов Серіктік аты жеңіп алса, ІІ орынды Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан келген Сисенбай есімді шабандоз иеленді. ІІІ орынды Сексеуіл кентінен келген Бедер Қадірберген есімді шабандоздың аты жеңіп алды. Сонымен қатар, барлық бәйгеге қатысушыларға арнайы жүлделер табыс етілді.

Жеңімпаздарға, ауданның белгілі жылқышысы Естенқұлов Серіктің арнайы дайындалған бағалы сыйлықтары, атап айтқанда шетел автокөлігі, түйе, жылқы, өгіз, қой және тағы басқа да сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз