Қазалыда мал бордақылау алаңдарының қатары көбейеді

41

0

Қазалыда мал бордақылау алаңдарының қатары көбейеді Қазалы. 2013 жылы Қазалы ауданында тірілей салмақпен 5094 тонна ет, 14078 тонна сүт және 926  мың дана жұмыртқа өндірілді. Осының нәтижесінде ауылшаруашылық құрылымдарында 5715  млн. теңге көлемінде өнім алынды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда «Рза» АҚ-ның тауарлы сүт фермасы арқылы  арқылы сүт өндіру мәселесі жолға қойылған. Өткен жылдан бастап  ет өндіру жұмыстары қолға алынуда. Былтыр  «Сыр маржаны» серіктестігі құны 380 млн. теңге болатын 500 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын салу жөніндегі жобасы «ҚазАгро» Ұлттық Басқару холдингі АҚ-на ұсынылып, оң қорытындысын алды. Биыл қаржысы шешіліп, үстіміздегі жылдың науыз айында құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде. Одан өзге «Жеңіс» және «Аржиков Б» шаруа қожалықтары 300 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңын салуды қолға алып отыр. Қазіргі таңда екі шаруашылық та тиісті құжаттарын дайындап, жерлерін алды. Бұлардың да құрылыс жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз