Қазалыда майдангерлерге құрмет көрсетілді

50

0

Қазалыда майдангерлерге құрмет көрсетілдіҚазалы қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт жауынгер Қалеп Бектұрған мен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай «Ерлігі ұрпаққа өнеге» атты ардагерлерімен кездесу өтті.

Қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұмытылмас ұлы ерлік» атты кітап көрмесі қойылды.Кеште қала ақсақалы Кәрім Баймұрат құттықтау Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Кешке Қазалы қаласындағы ардагерлер және қала жастары қатысты.Кеш барысында 97 жастағы қарт жауынгер Қалеп ақсақал, Ауған соғысының ардагерлері Айдар Алиев, ЖетергенЖолатай соғыста болған басынан кешкен қиын оқиғаларды, Жеңіске қалай жеткендігі туралы әңгімелеп берді. Кешке қатысқан көрермендер өз ойларындағы сұрақтарын соғыс ардагерлеріне қойып, мағлұмат алды. Ұлы Отан соғысының ардагері Қалепақсақалға шапан жабылып, Ауғанстан ардагерлеріне сый-сыяпаттар тапсырылды. Соғыста қаза болғандарға Жиен-Әлі Ахун мешітінің имамы Ақылбек Сержан құран бағыштады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз