Қазалыда мұз айдыны ашылды

64

0

Қазалыда мұз айдыны ашылдыҚызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің орталық алаңында мұз алаңы ашылды.

Аудан әкімі Бахыт Жаханов тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Аудан тұрғындарының қысқы уақытын тиімді пайдалану мақсатында 20 дана сырғанау шаңғысы мен 100 дана коньки әкелінген болатын. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Былтырғы жылдың басында ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 17250 адамға жетсе, бұл көрсеткіш аудан халқының 23 пайызын құраған болатын.

Ал, жыл аяғында тұрақты түрде спортпен шұғылданушылардың саны 18242 адамға жетіп, бұл көрсеткіш 24 пайызға жетті.

Өткен жылы 250 спорттық жарыс өткізіліп, 62755 адам тартылды, оның ішінде 171 спорттық іс-шара жастар және жасөспірімдер арасында өткізілді.

Сондай ақ, шеберлікті жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Спорт түрлері бойынша спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, 33 алтын, 38 күміс, 42 қола медальға қол жеткізді.

Биылғы жылы да спорттық шараларға, оның ішінде, мүгедектер арасындағы іс-шараларға аса мән беріліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз