ҚАЗАЛЫДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

66

0

Қазалы ауданында жыл басынан бергі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,2млрд. теңгені құрап, 2,9 пайызға артты.Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 8млрд.теңгенің өнімі өндірілді.
Қазіргі таңда ауданда 4075 кәсіпкер бар. Оларда 8852 адам жұмыспен қамтылған. Бұл аудан бойынша экономикалық белсенді халықтың 24 пайызын құрайды.
Биыл аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 1,5 млрд. теңгеден астам несие беріліп, қолдау көрсетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері жаңадан 484 кәсіпкер тіркеліп, онда 623 адам жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз