Қазалыда салық салу базасы ұлғайтылмақ

39

0

Қазалыда салық салу базасы ұлғайтылмақАудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту мақсатында құрылған жедел топ Әйтеке би кентінде жаңадан салынған 29 құрылыс объектілері мен сауда нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның 8 объектісінің заң бұзушылық фактілерге жол бергендігі анықталған.

Бұл туралы салық салу базасын ұлғайту туралы мәжілісте баяндалды. Салық салу базасын ұлғайту мақсатында 3 жедел топ құрылған болатын. Әр апталық мәжілісте осы жедел топтардың жетекшілері атқарылған жұмыстары туралы хабарлап отырды. Өткен аптадағы мәжілісте бірінші жедел топтың жұмыстары қаралып, топ жетекшісі Жұлдызхан Байназарұлы хабарлама жасады. Ал бүгінгі мәжілісте баяндама жасаған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, екінші жедел топтың жетекшісі Бақытжан Тиыштықұлы жедел топтың рейд барысында алдымен құрылыс салуға рұқсат құжаттары мен мүлік салығының төлемдеріне тексеру жұмыстарын жүргізгендігін жеткізді.
Мәжілісте аудан әкімі Бахыт Жаханов аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту жөніндегі жедел топтардың жұмысын одан әрі күшейтуді, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз