Қазалыда сенбілік өткізілді

48

0

Қазалыда сенбілік өткізілдіҚазалы. Ауданда санитарлық тазалығын сақтау мақсатында бүкілхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. 
Сенбілікке кент тұрғындары, Әйтеке би кентінде орналасқан меншік нысанына қарамастан барлық мекеме қызметкерлері, жастар қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты. Сенбілікке қатысушылар Әйтеке би, Ж.Нұрмұхаммедұлы, Үмбет би, Мелиоратор мөлтек ауданындағы аллея, тесік көпір маңы, «Жалаңтөс баһадүр» саябағы, Қ.Пірімов, Я.Михайлюк, Е.Көлдейбекұлы, «Жеңіс» саябағы, Али Мұса мешіті, С.Сейфуллин көшелері мен белгіленген аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, кент көшелерінен тұрмыстық қатты қалдықтарды қоқыс төгетін жерге шығарды. Көше жиегіндегі арықтар тазаланып қыршылды. Көшедегі талдар мен көше жиегіндегі бордюрлер әктелді. Қ.Пірімов, Әйтеке би, Желтоқсан көшелеріндегі темір қоршаулар тазаланды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз