Сенбілікке кент тұрғындары, Әйтеке би кентінде орналасқан меншік нысанына қарамастан барлық мекеме қызметкерлері, жастар қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты. Сенбілікке қатысушылар Әйтеке би, Ж.Нұрмұхаммедұлы, Үмбет би, Мелиоратор мөлтек ауданындағы аллея, тесік көпір маңы, «Жалаңтөс баһадүр» саябағы, Қ.Пірімов, Я.Михайлюк, Е.Көлдейбекұлы, «Жеңіс» саябағы, Али Мұса мешіті, С.Сейфуллин көшелері мен белгіленген аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, кент көшелерінен тұрмыстық қатты қалдықтарды қоқыс төгетін жерге шығарды. Көше жиегіндегі арықтар тазаланып қыршылды. Көшедегі талдар мен көше жиегіндегі бордюрлер әктелді. Қ.Пірімов, Әйтеке би, Желтоқсан көшелеріндегі темір қоршаулар тазаланды.
Қазалыда сенбілік өткізілді
31.03.2014
47
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!