
Сәбилердің әкесі балаларына Диас, Манас, Мансұр деген есімдерді белгілеп қойыпты. Бүлдіршіндердің денсаулығы жаман емес. Дегенмен, әлі дәрігерлер қарауында болады. Айта кетейік, үшем туылған отбасында бір қыз тәрбиеленуде. Өткен жылы осындай уақытта Алпысбаевтар отбасында да үшем дүниеге келген болатын. Бүгінде Айбол, Ербол, Нұрбол есімді бүлдіршіндер 1 жасқа толды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!