Қазалыда спорт кешені ашылды

139

0

Қазалыда спорт кешені ашылдыҚазалы ауданында 8 спорт үйірмесі бар кешен ел игілігіне пайдалануға
берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Екі қабаттан тұратын спорт кешенінде футбол, гандбол, таэкфондо, қазақша
күрес секілді үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Жалпы, спорт кешеніне күніне 4
ауысымда 300 бала жаттығады.  
– Бүгін Қазалы ауданында тұңғыш рет осындай заманауи үлгідегі спорт кешені
аудандық бюджет қаржысымен салынып отыр. Бұл біздің аймақ экономикасының
өркендеп келе жатқандығының дәлелі. Мұның барлығы – Елбасы қолдауымен спортты
дамыту  саласында атқарылып жатқан
жұмыстардың нәтижесі деп есептеймін. Жаңадан
ашылып отырған спорт кешені жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп,
еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде мол септігін
тигізеді деп сенемін, – деп облыс әкімі Қ.Көшербаев жылы лебізін білдірді.
Соңғы
үш жылда облыста 325  шағын спорт
алаңдары салынса, биылғы жылдың өзінде Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мен Шаған
ауылында спорт кешендері халықтың игілігіне берілді.  Нағи
Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және
Қызылорда қаласында бокс орталығы, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында
ипподром құрылыстары басталды.
  Сондай-ақ, келесі жылы облыс орталығында Илья Ильин атындағы спорт кешені
және 3000 орындық футбол манежі салынады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз