Қазалыда түйеқұс үй күзетіп жүр

45

0

Қазалы. Аудан тұрғыны Бауыржан Серімбетов көбіміз біле бермейтін ерекше құс өсірумен шұғылданып келеді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2011 жылы Алматы қаласынан төрт балапан сатып алған болатын. Оның екеуі сол жақтан келем дегенше салқыннан өліп қалыпты. Үйіне бір аналық пен бір аталығын алып келген. Балапандар жақсы өсіп келе жатқанмен, былтыр біреуі өліп қалды. Қазіргі таңда бұл түйе құстың аналығы өмір сүруде.
Ерекше түйеқұс үш жаста, бойы 2 метрден жоғары. Бауырданның айтуынша, ол күніне 1 сантиметрге өседі. Салмағы 3 келіге жуықтайды. Негізгі қорегі – жоңышқа мен дәндер. Соған қарамастан тамақ талғамай жей беретін көреді. Бауыржан ағамыздың мақсаты – қызығушылықтан басталған асыл тұқымды жылқылар, түйеқұстар және ерекше жануарларды жерімізге жерсіндіріп бағып күту. Оны хоббиі десек те болады. Күтіп, бағу жолдарын ғаламтор арқылы қарап бағады. Ағамыздың айтуынша үйге иттің қажеті жоқ, түйеқұс қорғаушысы екен. Ол әйел адамдарға тиіспейді, танымайтын сырттан ер адамдар келсе қуып шығады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз