Қазалыда веложарыс өтті

44

0

Қазалыда веложарыс өттіҚазалы ауданында жастары арасында
«Заң Заңғары» ЖШС-ның жүлдесі үшін веложарыс
өткізілді. Жарыс Басықара ауылының орталық алаңынан басталып, Әйтеке би
кентінің орталық алаңы аралығына дейін барлығы 18 км. шақырымды құрады. 

 Сондай-ақ веложарыстың негізгі мақсаты аудандағы бұқаралық спортты дамыту
және жастардың патриоттық сана сезімдерін ояту болып табылады. Нәтижесінде 125 велоспортшы қатысып, оның ішінде ІІІ
орынды №249 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Бекетов Дәурен иеленді, ІІ орынды
Майлыбас ауылдық округінің атынан Сүлейменов Жарбол иеленсе, І-орынды Әйтеке би
кентінің тұрғыны  Әбубәкір Ырысбек есімді
азамат иеленді. Сондай-ақ жарыста алғашқы ондыққа енген жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
 Жеңімпаз жүлдегерлерді аудан
әкімінің орынбасары Ғ.Бәймішев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
басшысы Н.Есбосынов, Әйтеке би кентінің әкімі С.Аманов және «Заң Заңғары»
ЖШС-нің жетекшісі Р.Есбергеновтер арнайы алғыс хаттар, медалдармен және бағалы
жүлделермен  марапаттады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз