ҚАЗАЛЫДА «ҚЫС-2015» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІ

41

0

ҚАЗАЛЫДА «ҚЫС-2015» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІАлдымен Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс
залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі
комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысында барлық қызмет
басшыларының қыс мезгіліне және оқу жаттығуға дайындығы туралы
баяндамалары тыңдалды. Және қызмет пен жасақ басшыларынан өз міндеттері
мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі қызмет басшының іс-әрекеті
туралы сұралды.
    Мұнан соң «Қыс-2015» Республикалық командалық – штабтық оқу –
жаттығуына аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің 221 жеке құрамы мен
56 техника қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында аудан әкімі Н.Шамұратов
сөз сөйлеп, жасақ басшыларының баяндамаларын тыңдады.
    «Кіші жылу бу қазандықтарындағы аварияларды жою» туралы практикалық
іс-шараның орны болып Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің бу
қазандығы алынды. Іс-шараға ауданның жедел әрекет ету жасағының 1 жасақ,
58 жеке құрам мен 17 техника жұмылдырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз