Қазалыда қыздар арасында гандболдан жарыс өтті

64

0

Қазалыда қыздар арасында гандболдан жарыс өттіҚазалы ауданы №170 мектепте гандболдан қыздар арасында облыс біріншілігінің 3-ші кезеңі өтті. Жарыста облыстың аудандарынан 7 команда және Қызылорда қаласының «Сейхун КАМ КГУ» командасы бақ сынады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Облыстық қыздар арасында қол добынан жарыс ұйымдастырудағы мақсат – осы спорт түрін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыстың 3-ші кезеңінің қорытындысы бойынша қазалылық спортшылар екінші орын алды. Ал бірінші орында «Сейхун КАМ КГУ» командасы тұр. Жеңімпаз командалар облыстық сайыстың 4-кезеңінде осы жылдың қазан айында сынға түсетін болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз