Қазалыда жаңа мешіт ашылды

45

0

Қазалыда жаңа мешіт ашылдыБүгін Қашақбай Пірімов ауылында
жаңа мешіт пайдалануға берілді. Аудан әкімі Н.Шамұратов өзінің құттықтау
сөзінде ұлық мереке қарсаңында халық игілігіне беріліп отырған қасиетті
мекеннің иманжүзді азаматтар тәрбиелейтін орталық болуына тілектестігін
білдірді.

Еңселі мешітті салуға күш салған – ауыл азаматы,
кәсіпкер Самат Ордабайұлы. Ол өз қаржысы есебінен мешіт құрылысын салуға
өткен жылы кіріскен. Бұған қоса, мешітті қажетті құрал-жабдықтармен де
қамтамасыз еткен. Осыған дейін ескі мешітте намаз оқып келген жамағат
қасиетті Құрбан айт мерекесін жаңа мешітте қарсы алғандарына риза.
Кәсіпкерге деген шексіз ризашылығын білдірген ауыл тұрғындары жомарт
жанға ат мінгізіп, шапан кигізді. Жиналған жамағат Құрбан айт құрметіне
ұйымдастырылған астан дәм татып, жыршы-термешілердің өнерін тамашалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз