ҚАЗАЛЫДА ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

77

0

Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 115 жылдық мерейтойы қарсаңында Ғани атымен аталтын ауылда «Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен» атты аймақтық жас ақындар айтысы болды.
Айтысқа Арал өңірінің, қасиетті Қармақшы жерінің және Қазалы ауданының Майдакөл, Кәукей, Мұратбаев ауылдарының ақындары қатысты.
Нәтижесінде бас жүлдені ерекше дарындылығымен көрерменнің көңілінен шыққан Арал ауданынан келген жас ақын Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды.
Ал бірінші орын майдакөлдік Қанапия Мұхаммедке бұйырды. Тағы бір майдакөлдік ақын Серік Бекзат екінші, Мұратбаев ауылының талантты ақыны Аружан Иман үшінші орындарды қанжығалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз