
Солардың бірі Әйтеке би кентінің тұрғыны – Руслан Сугуров.
«Колледж біргеннен кейін сенделіп біраз бос жүрдім. Жұмыстың көзі болмады. Анаммен ақылдасып, кәсіп жасауды ұйғардым. Сөйтіп, несие арқылы қажетті құрал-жабдықтар алып, жарнама агеттігін аштым»,- дейді жас кәсіпкер.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде «САМАРА» атты жарнама агенттігіне барушылар көп. Онда түрлі плакаттар шығарылып, дизайн жасалады.