Қазалыда жасанды мұз айдыны жасалды

41

0

Қазалыда жасанды мұз айдыны жасалды  Қазалы. Аудандағы орталық стадионда жасанды мұз айдыны жасалды. Оған келіп, сырғанақ тебушілер саны күннен-күнге артып келеді.
  Ауданда қысқы спорт түрлері дамытуға мән беріліп отыр. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, бұған дейін бірде бір мұз айдыны ауданда болмаған еді. Мұз айдыны құйылғалы бері ойын балалары осы маңнан шықпайды. Бұған балалармен қатар ересек тұрғындар да дән риза.
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Н.Есбосыновтың айтуынша 10 ауылда осындай мұз айдыны жасалған. 2014 жылға қосымша спорт құралдарын алу үшін қаржы да қаралып отыр. Мұнан өзге алдағы уақытта табиғи мұз айдынын жасау жоспарлануда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз