Қазалыда жыраулар үйін ашу жоспарланып отыр

47

0

Қазалыда жыраулар үйін ашу жоспарланып отырҚазалыда Жыраулар үйін ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлады
kazalinsk.kz сайты аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    Бұл міндетті аудан басшысы мәдениет саласының алқа мәжілісінде
жүктеді. Алқа мәжілісіне қатысқан Нажмадин Шамұратов жыр сүлейлерінің
өнерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Жыраулар үйін ашу жолдарын
қарастыруды тапсырды.
    Өткен жыл бұл сала үшін табысты болды. Абай елді мекенінен 150
орындық клуб құрылысы жүргізіліп, 4 ауылдық клуб күрделі жөндеуден
өткізілді. Биыл қалалық мәдениет үйі мен Ақтан батыр ауылдық клубы,
Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасы толық жөнделмек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз