Қазалыда әзіл-сықақ байқау өтті

35

0

Қазалыда әзіл-сықақ байқау өттіҚазалы. Аудан орталығында «Күлкі – думан» атты облыстық әзіл-сықақ отауларының байқауы өткізілді. Оны облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастырды. 
Сайыстың бас жүлдесін Қазалы аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» әзіл-сықақ отауы жеңіп алды. Бірінші орынды Арал ауданынан қатысқан «Тамаша» әзіл-сықақ отауы, екінші орынды Қызылорда қаласынан қатысқан «Мереке-думан» әзіл-сықақ отауы мен Жалағаш ауданынан қатысқан «Жаңаша» әзіл-сықақ отауы, үшінші орынды Қармақшы ауданынан қатысқан «Сүйінші» әзіл-сықақ отауы мен Шиелі ауданы Алғабас ауылынан қатысқан «Қытық» әзіл-сықақ отауы өзара бөлісті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз