Қазалыдағы ат бәйгесіне шақырамыз

33

0

Қазалыдағы ат бәйгесіне шақырамызҚұрметті  облыс  тұрғындары және қонақтары!
Баршаңызды  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында «Тәуелсіздік» аллеясының ашылуына арналған іс-шаралар аясында 2016 жылдың 30 қазанында  Әбдіраман төбеде өтетін ат бәйгесіне қатысуға және тамашалауға шақырамыз.
Ат жарысы басталмас бұрын бүркітшілердің ойын көрсетілімі, қыз қуу, теңге алу ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Содан кейін, ауыздықпен алысқан тұлпарлар додасы – тай, құнан, тоқ, аламан бәйгелері бойынша өтеді. Жеңімпаздар автокөлік және қомақты  сыйлықтармен марапатталады.
Келіңіздер, Қазалы ауданында Әбдіраман төбеде болатын ат бәйгесіне қатысыңыздар! 
Бәйге аттарының тіркелу уақыты: 2016 жылдың 29 қазанында сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін, 30 қазан күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін.
Қазалы ауданының
ұйымдастыру комиссиясы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз