
Аудан әкімі Бақыт Жақановтың айтуынша, өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 36,5 млн. теңге қаржыға сервистік желі құжаттарының әзірленген. Келер жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Ақтан, Жанқожа, Жалаңтөс батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалпақ, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев ауылдарында ауызсуды үйге кіргізу жұмыстары басталады.