Қазалыдағы кәсіпкерлердің келелі кеңесі

64

0

Қазалыдағы кәсіпкерлердің келелі кеңесіТәуелсіз еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі шағын және орта кәсіпкерлікті кеңінен дамыту болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауданда кәсіпкерлер палатасының бөлімі жұмыс жасауда. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық кеңесті сайлауға байланысты кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Кеңейтілген мәжіліске аудан әкімі Бахыт Жаханов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров, аудан прокуроры Ғалым Едігеев, ауылдық округ әкімдері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, кәсіпкерлік саласына қатысты жауапты бөлімдер, аудандық салық басқармасы, аудандық статистика басқармасы, аудандық еңбек қорғау инспекторы өкілдері, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері қатысты.
«Елбасы өз жолдауында «Шағын және орта бизнес-біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі» екенін атап өткен болатын. Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты бірнеше бағытта шаралар жүзеге асырылуда.
Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайында бар жұмыс орындарын сақтап қалу, жергілікті жағдайға бейімделіп, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытындағы кәсіп түрлерін ашу, негізінен өнім өңдеуге, өндіруге басымдық берілуде. Бұған Қазалы ауданының әлеуеті мен мүмкіндігі жеткілікті», – деді аудан әкімі БахытЖаханов. 
Бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3547 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8185-ке жетіп отыр. «Бұл облыс көрсеткішінің 10,8 пайызын құрайды. Ал нақты кезеңде өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі жылдан-жылға артып келеді», – деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палптасының директоры Дінмұхаммед Абсаттаров.
Мәжіліс барысында Қазалы ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Аймаханов аудандық кеңес мүшелігіне үміткерлер тізімін ұсынды. Аудандық кәсіпкерлік кеңестің төрағасы болып Өтеев Мнажадин сайланды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз