Қазалыдағы теміржол кәсіпорындарының жұмысы қалыпты жағдайда

140

0

Қазалыдағы теміржол кәсіпорындарының жұмысы қалыпты жағдайдаМемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – ел экономикасының тұрақты өсуін қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтып бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа өндіріс орындарын ашу болып табылады.

Қазалы ауданы өнеркәсібінің 37,8 пайызын және жергілікті бюджетке түсетін түсімнің 22,8 пайызын қамтамасыз етіп отырған аудан көлемінде орналасқан 16 теміржол мекемелерінде 2896 адам қызмет жасайды. Теміржолшылар аудандағы жұмыспен қамтылғандардың 36,6 пайызын құрайды.
Мемлекет басшысының 2015 жылдың 11 ақпанында өткізген ел Үкіметінің кеңейтілген отырысында әлемде орын алып отырған экономикалық дағдарысқа байланысты еліміз бойынша дағдарысқа қарсы жасалған бағдарламалар мен жоба-жоспарлардың, экономикалық қиындықтардың алдын алу іс-шараларына сәйкес аудан әкімі Бахыт Жаханов аудан көлемінде орналасқан бірқатар теміржол мекемелерінің өндіріс орындарында болып, «Қазалы локомотив жөндеу зауытында теміржол мекемелері басшыларымен арнайы мәжіліс өткізді.
Кездесуде Қазалы локомотив жөндеу зауыты мен Қазалы вагон жөндеу депосынының және №60 ірілендірілген жол дистанциясының, Қазалы станциясының, «Жол жөндеуші компаниясы» ЖШС-і Қазалы филиалының 2014 жылы атқарған жұмыстарымен алдағы жылдарға жұмыс жоспарлары туралы мекеме басшылары ақпарат берді.
Елімізді бірқатар шет елдермен байланыстырып отырған халықаралық теміржол желісінің жұмысын қалыпты жағдайда ұстау бағытындағы «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның стратегиялық даму бағыттары мен өндірісті модернизациялау шараларына сәйкес бірқатар кәсіпорындарда оңтайландыру шаралары жүргізілгенімен, аудан көлеміндегі теміржол мекемелері мен кәсіпорындарда өндіріс көлемін азайтпау, жұмысшыларды қысқартпау шаралары қолға алынып отырғандығын, жалпы жұмыстардың қалыпты екендігі айтылды.
Кездесуде жергілікті салық базасын ұлғайту, қоршаған ортаның тазалығын жақсарту, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында тиісті алдын алу шараларын жүргізу бағытында жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан ұсыныстар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз