ҚАЗАЛЫДАҒЫ ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛАДЫ

108

0

Ертең Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылында ауылдық клуб пайдалануға беріледі. 150 орындық клуб құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бас мердігер: «Болашақ» ЖШС.
Клуб ауласында трансформатор қондырғысы, дизельді электр станциясы, бу қазандығы, автотұрақ орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 680 м2. 2 қабатты жаңа ғимаратта көрермендер залы,  үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы, гардероб  қарастырылған. Клубта ән, би, домбыра және көркемсөз оқу үйірмелері жұмыс жасайды.
Осы күні Жалаңтөс батыр ауылында жаңадан салынған орталық алаң пайдалануға беріледі. Өткен жылы Жалаңтөс батырдың 440 жылдығына орай ауылды абаттандыруға аудандық бюджеттен 70,5 млн теңге қаржы бөлінген болатын.
Жаңа орталық алау ауылдағы ескі клуб, балабақша, шаруашылық қоймасының орнына салынған. Сонымен қатар онда шағын демалыс орындары, балалар ойын және спорттық тренажер алаңдары,жарық шамдар, гүлзарлар, сахна орналастырылды. Көшеге түнгі жарықшамдар қойылды.Құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігері «Қазалы Строй-Сервис» ЖШС.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз