Қазалылық балалар Астананы аралады

44

0

Қазалылық балалар Астананы араладыҚазалы ауданынан 22 оқушы Елордамыз – Астанаға саяхатқа барып қайтты.  Олар 2-4 маусым күндері бүлдіршіндер еліміздің бас қаласының көрікті жерлерін аралады. 
Атап айтқанда «Үшінші мыңжылдықтың қаласы – Астана» деп аталатын саяхат  Бейбітшілік және келісім сарайына саяхаттан басталды. Одан әрі саяхат «Атамекен» ұлттық-мемориалдық кешенді, Қазақстан картасын тамашалаумен жалғасып, Есіл өзеніне катермен жүзді. Саяхаттың екінші күнінде Тәуелсіздік сарайына, ҚР тұңғыш Президенті мұражайына саяхат жасалып, «Думан» ойын-сауық кешеніндегі мұхитаралды тамашаласа, кешке  кешкі Астанамен танысты. Саяхаттың үшінші күні балалар «Хазірет Сұлтан» мешіті, Оқушылар сарайы, «Хан Шатырға» барды. Елордаға саяхат өте тартымды, қызықты болды. Балалар Астанадан тамаша әсермен қайтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз