Қазалылық сақшылар тәулік бойына жастармен жұмыс істемек

50

0

Қазалылық сақшылар тәулік бойына жастармен жұмыс істемекАудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Кеңесті аудан әкімі Бахыт Дүйсенұлы жүргізіп отырды.
Кеңес отырысында екі мәселе талқыланды. Жастар арасында жұмыссыздық санын азайту аясында атқарылған жұмыс барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Жалғасбай баяндама жасады.Баяндамаға байланысты ауданәкімі Бахыт Дүйсенұлы жұмыссыз жастарымызды ауданымыздағы салынып жатқан құрылыс нысандарына тарту кеңінен жүргізілу керектігін баса айтты. Келесі мәселе жастар арасында қылмыстың алдын алу барысында атқарылған жұмыстары туралы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы А. Бегалиев баяндама жасап өтті. Баяндамаға сәйкес аудан әкімі аудан орталығында тәртіп сақшылары түнгі сағат 12-ден кейінде нақты жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 
Сонымен қатар «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімінің меңгерушісі О.Ахметов ауданымызда «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын және «Құрылысжасағына» аудандағы құрылыс нысандарына 11жастың жіберілгендігін, сонымен бірге олардың қатарын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Өз кезегінде аудан әкімі бұл жұмыстарға байланысты тиісті жұмыс жоспар құрылу керектігін тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз