Қазалылық спортшылар облыс орталығынан олжалы оралды

47

0

Қазалылық спортшылар облыс орталығынан олжалы оралдыСаламатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық  дайындықтарын шыңдау,
оқушылардың күзгі  демалысын тиімді пайдалану және үздік командаларды
анықтау мақсатында Қызылорда қаласында  спорттың 5 түрінен мектеп
оқушыларының облыстық күзгі  спартакиадасы  өткен болатын.
Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен Қазалы
аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Жанарыстанның жетекшілігімен  мектеп
оқушылары футболдан  ер балалар командасы мен қыз балалар командасы  І
орын, үстел теннисінен  І орын,  волейболдан  ер балалар командасы  ІІ
орын  және баскетболдан ер  балалар ІІІ орын иемденді.
Облыстық күзгі спартакиаданың  қорытындысымен  Қазалы ауданының 
командасы жалпы командалық есепте  І орынға шығып, аудан намысын көкке
көтерді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз