Қазалылықтар денсаулық күнін ерекше атап өтті

47

0

Қазалылықтар денсаулық күнін ерекше атап өттіДүниежүзілік
денсаулық күніне орай Қазалыда түрлі қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді жастар
спорттық шарада бас бос қосты. Олардың қатарында аудандағы оқу орындарының
студенттері, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, медицина саласының
қызметкерлері мен спорт ардагерлері бар.

«Саламатты өмір – ел
болашағы» тақырыбын арқау еткен шара таңғы көпшілік жаттығудан басталып, жастар
флеш-мобына ұласты. Сондай-ақ, арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес сынды
ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, атаулы күннің маңыздылығын күшейте
түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз