Қазалының өнімдері жәрмеңкеде арзан бағамен сатылды

72

0

Қазалының өнімдері жәрмеңкеде арзан бағамен сатылдыБиыл аудан бойынша
17930 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылса, басты дақылымыз
күріш егісінің көлемі – 7435 га жетті. Аудан дихандарының қажырлы
еңбегінің арқасында ауа райының дақылдарының пісіп-жетілуі мен егін жинау
жұмыстары үшін қолайсыз болғанына қарамастан егін жинау жұмыстары өз
дәрежесінде жүргізіліп, әр гектардан 37,6 центнерден өнім жинап, қамбаға
26147 тонна астық құйып алынды.

Аймақта егін
шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту бағытында табыстарға қол
жеткізілді. «Сыбаға» бағдарламасы аясында облыс республикада көш басында
келеді.

Биылғы жылдан
бастап елімізде қой шаруашылығын дамытуға «Алтын асық», жылқы шаруашылығына
«Құлыншақ», сүт шаруашылығын дамытуға «Ырыс» және «Жайылымдарды суландыру»
бағдарламалары қабылданып жұмыс жасалуда.

Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов «Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан
жұмыстардың барлығы маңызды. Қол жеткізген жетістіктеріміз – Сіздердің
ыстық-суыққа қарамай атқарған еңбектеріңіздің берекелі нәтижесі» деп ауыл
шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерді дипломдармен
марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар
жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдерін халыққа насихаттау арқылы
сұранысты және өндіріс орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнім өндіру
қуаттылығын көбейту мақсатында «Қазалының өнімдері» атты көрме-жәрмеңке және ауыл шаруашылық өнімдері 15-20 пайыз
төмен бағамен халыққа ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз