Азаматтардың құқықтары қорғалуда

57

0

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне Қызылорда қаласының тұрғыны С. И. Тасбөгет кенті әкімі аппаратының қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты өтініш білдірді.

Өтініш негізінде Департаментпен жүргізілген тексеру барысында, Тасбөгет кенті әкімі аппараты С. И.-тің  жер сұрап жазған өтінішін  негізсіз қайтарғандығы және кейіннен, С.И. тиісті органдарға шағым білдіргеннен соң, өтінішті жер кезегіне бір ай мерзім кешіктіріп тіркегендігі анықталды.

Тексеру нәтижесінде, кент әкімінің өкімімен С.И.-тің жер сұрап жазған өтініші, бастапқы өтініш білдірген күнімен қайта тіркеліп,
құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, аталған бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты Департаментпен ұсыну енгізіліп, Тасбөгет кенті әкімі аппаратының тиісті қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау 

басқармасының бас маманы

Ә.Амангелдиев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз